Тамара Асар араша түскен әкім орынбасары үйқамаққа ауысты

Тамара Асар араша түскен әкім орынбасары үйқамаққа ауысты

Тамара Асар араша түскен әкім орынбасары үйқамаққа ауысты
ашық дереккөзі
50428
Маңғыстау облысында әкімнің бұрынғы орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«16 ақпанда тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы «үйқамаққа» өзгертілді», - деп жазылған облыстық сот таратқан хабарламада.
Айта кетсек, өңірге сұйытылған мұнай газын жеткізуді қадағалаған Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғалымжан Ниязовтың қамауға алынғаны 4 ақпанда хабарланған. Оқи отырыңыз: Тамара Асар газ бағасын көтерді деп қамалған әкім орынбасарына араша түсті

Серіктес жаңалықтары