Ақтөбелік адвокат қарт анасын алдап соғып, баспанасын тартып алған

Ақтөбелік адвокат қарт анасын алдап соғып, баспанасын тартып алған

Ақтөбелік адвокат қарт анасын алдап соғып, баспанасын тартып алған
ашық дереккөзі
50216
87 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны Мауреш Мұхамбеталиева заңгер қызына алданып қалған. Жуырда қайтыс болған кіші қызының үйі мен ақшасын үлкен қызы заңсыз иемденгенін айтқан кейуана жұрттан көмек сұрады деп жазды turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Қарияның айтуынша, өзімен бірге тұрған кіші қызы 2019 жылы өмірден өткен. Ол бұрын тұрмыста болмаған, баласы да жоқ. Марқұм 2018 жылы әкімдіктен 10 сотық жер алып, үй сала бастайды. Үйді толықтай бітіріп, газ тарту жұмыстары қалғанда қызы сырқаттанып, қайтыс болады.
«2019 жылдың 1 сәуірінде қызым қайтты. 3 сәуір күні жер қойнына тапсырдық. Сол күні кеште үйге Нұржамал Әжіғалиева деген адвокат қызым келіп, марқұмның аманаты бар екенін, сіңлісінің салып жатқан үйін алып, өзі тұрып жатқан баспананы бізге беру үшін кейбір құжаттарға қол қоюым керектігін айтты. «Балаларды шақырайын, ортасында шешейік» дегенімде, «Жайыңа қарап отыр, бұл жерге басқалардың мұрнын тықпа. Үй басқа жаққа кетейін деп жатқан жоқ, екеуміз бір-бірімізбен алмасамыз, болды» деді. Мен оған ол үйді алсаң ал, бізге өз үйіңді бер дедім», - дейді Мауреш Мұхамбеталиева.
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагеріне теңестірілген кейуананың өз баспанасы жоқ. 2008 жылдан бері әкімдікте үй мен жер кезегінде тұр. Қазір үлкен ұлымен бірге баспана жалдап тұрады. Қария адвокат қызы жерлеу рәсімінен кейін нотариус қызметкерін ертіп әкеліп, қағаздарға қол қойғызып алғанын айтады. Анасы бұл әрекетті екі үйді заңмен алмастырып жатырмыз деп түсінген. Жақын таныстар арасында дауға айналған мәселенің ақ-қарасына көз жеткізу үшін orda.kz тілшісі заңгердің өзімен байланысқа шыққан. Адвокат марқұм сіңлісінің баспанасына иелік ету үшін туған анасымен соттасуға дайын екенін жеткізді.
«Үйге байланысты сотқа бергені дұрыс деп есептеймін. Себебі, басында өзі қол қойып, нотариуспен куәландырған қағаз бар. Қасында бірге тұрып жатқан інім мен келін маманы аздап маған қарсы қойып отырған шаруа. Нотариус журналында бәрі тіркеліп тұр. Дау болса, сол жақта шешілуі керек деп ойлаймын», - деді Нұржамал Әдіғалиева.
Қазір адвокаттың анасы қызының үстінен сотқа жүгіну үшін қорғаушы іздеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары