264
Toyota 750 мың автокөлікті қайтарып алады
Toyota 750 мың автокөлікті қайтарып алады
АҚШ-та АҚШ-та Toyota компаниясы 744 000 Sienna минивэнін қайтарып алатынын жариялады. Қайтарып алуға жылжымалы есігіндегі ақау себеп болған, деп хабарлайды CNBC. Басылымның хабарлауынша, ақаудың болуына байланысты, есіктер көлік қозғалысы кезінде ашылып кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта Toyota осы мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр.
Бір айта кетерлігі, алып компанияның көліктерін қайтарып алып жатқаны бір бұл емес. Бұған дейін де ақау табылған көліктерді есептеп, қайта қабылдаған болатын. Әрине, бұл компанияның беделіне нұқсан келеді десек те, тұтынушыдан кешірім сұрап, бәрін қайта қалпына келтіруге уәде береді. Себебі көлік құрастыру саласында талай жылдық тәжірибесі бар Toyota компаниясының өніміне деген сұраныс еш азайған емес. Бүгінде бұл компанияның көліктері Қазақстанда да кеңінен танымал.