Премьер-министрдің сағаты қанша теңге тұрады?

Премьер-министрдің сағаты қанша теңге тұрады?

Премьер-министрдің сағаты қанша теңге тұрады?
ашық дереккөзі
50300
Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тағып жүрген қол сағатының бағасы қанша теңге тұратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, журналист Михаил Козачков Премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы «Cartier Tank» деп, ондай сағаттың бағасы 5 мыңнан 8 мың долларға дейін (2,1-3,4 млн теңге) тұратынын жазған болатын. Руслан Желдібай Үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың бағасы шамамен 164 мың теңге тұратынын жеткізді.
«Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, Премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі «Jacques Lemans», бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын» деп жазды Р. Желдібай.

Серіктес жаңалықтары