214
Астанада ең үлкен мұз айдынының құрылысы басталды
Астанада ең үлкен мұз айдынының құрылысы басталды
Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдынының құрылысы мен жаңажылдық мерекелерге көшелерді безендіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Вечерняя Астана» газетіне сілтеме жасап. «Қысқы ертегінің» негізгі тұжырымдамасы 2017 жылдың басты нышаны - Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы - ЭКСПО көрмесі де болады. «Бүгінде «Арай» саябағында аумағы 5 мың шаршы метрді құрайтын 250 адамға арналған мұз айдынының құрылысы басталды. Мұнда конькиді жалға беру орны, медициналық пункт, дәмхана, радиохабарлағыш және LED-экрандар орналастырылады. Мұз айдынының аумағында сондай-ақ, сырғанайтын төбешіктер орнатылады», - деп хабарлады Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жамал Әбікенова. Мұз айдындары сонымен бірге, қаланың өзге екі ауданында да салынады. Олар шамамен 16 желтоқсаннан бастап жұмыс істей бастайды. Астана қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылып, төрт мұз қалашығы бой көтереді. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 жаңажылдық шырша орнату жоспарланған. Айта кетейік, биыл еліміздің басты шыршасы «Хан Шатыр» СОСО маңына орнатылатын болады. Осында сондай-ақ төрт мұз қалашықтарының бірі салынады.