50671
Түркия Ресейдің ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне пікір білдірді
Түркия Ресейдің ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне пікір білдірді
Түркия Сыртқы істер министрлігі Ресей Президенті Владимир Путиннің ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындау шешімін айыптады. Түркия СIМ Мәскеу әрекетінің «қабылдауға келмейтінін» мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Ресей Федерациясының Донецк және Луганск деп аталатын республикаларды тану туралы шешімі Минск келісімдеріне қайшы келеді, сонымен қатар Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзу. Ресей Федерациясының шешімі қабылдауға келмейді және біз оны қабылдамаймыз», - делінген Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі Түркия Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға адалдығын қуаттап, барлық мүдделі тарапты парасатпен әрекет етуге және халықаралық құқықты сақтауға шақыратынын айтты.