Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қанша шетелдік азаматтың ұсталғаны белгілі болды

Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қанша шетелдік азаматтың ұсталғаны белгілі болды

Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қанша шетелдік азаматтың ұсталғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
50200
Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 18 шетелдік азаматтың қамауда отырғаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді.
«Тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен қамауға алынып, тергеу изоляторларында қазір 18 шетел азаматы отыр. Оның 14-і - Өзбекстан, екеуі - Ресей, екеуі - Қырғызстан азаматы», - деді Эльвира Әзімова.
Оның айтуынша, қамауға алынған азаматтар ұсталған жабық мекемелерге жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялады.
«Ұсталғандардың көп болғанына байланысты, уақытша ұстау изоляторларында 6 қаңтардан кейінгі алғашқы 48 сағатта ауыз суға, тамақтануға қол жеткізу жағдайлары дұрыс болмағаны анықталды. Кейін жағдай тұрақталды. 10 қаңтардан бастап тұтқындалғандардың барлығына үйден ақша алуға рұқсат етілді. Бүгінде тамақтану дұрысталды, бірақ тамақ сапасына қатысты бірнеше өтініш бар», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары