Шымкент тұрғыны сауда үйінде әйелдерге жыныс мүшесін көрсетіп жүрген (ВИДЕО)

Шымкент тұрғыны сауда үйінде әйелдерге жыныс мүшесін көрсетіп жүрген (ВИДЕО)

Шымкент тұрғыны сауда үйінде әйелдерге жыныс мүшесін көрсетіп жүрген (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50432
Шымкентте сауда орталығындағы әйелдерге арналған киім сататын дүкенді аралаған жігіт жұртты шошытты. Ол сауда орны ішінде шалбарының алдын ашып, жыныс мүшесін елге көрсетіп жүрген. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. Бейнежазбадан бетіне бетперде таққан ер кісіні көруге болады. Ол әйелдер киімдері сатылатын дүкен ішін еш алаңсыз аралап, шалбарының алдын ашып, жыныс мүшесін салбыратып жүреді. Сонымен қатар, бірнеше рет мүшесін қолымен ұстайды. Оқиға 20 ақпан күні болған. Ер кісі дүкен сатушысының ескертуін елемепті. Қалалық Полиция департаментіндегілер қоғамдық орында бейәдеп қылық танытқан ер кісіні іздеп жатқанын алға тартты. Айта кетейік, қоғамдық орындарда жыныс мүшесін шығарып жүру - ауытқушылықтың бір түрі. Ғылыми тілде эксгибицонист деп аталады. Олар мүшелерін бейтаныс адамдарға көрсетіп жүруден жыныстық ләззат алады.

Серіктес жаңалықтары