АҚШ пен ЕО Ресейге қандай экономикалық санкциялар салды?

АҚШ пен ЕО Ресейге қандай экономикалық санкциялар салды?

АҚШ пен ЕО Ресейге қандай экономикалық санкциялар салды?
ашық дереккөзі
50368
Луганск пен Донецк Халық Республикаларының егемендігін тану туралы жарлық шыққаннан кейін АҚШ пен Еуро Одақ елдері Ресейге санкциялар жариялады. Көрші елдің ірі банктері мен кәсіпкерлеріне, депутаттарға шектеу енгізілді деп жазды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. АҚШ АҚШ президенті Джо Байден 22 ақпанда Ресейге қарсы санкциялардың бірінші траншын жариялап, Ресей агрессиясын жалғастыра берсе, шараларды күшейтетінін айтып қорқытты. Шектеу шаралары «ВЭБ.РФ» және «Промсвязьбанк» банктеріне де және ресейлік элита өкілдеріне де әсер етеді. Атап айтқанда, санкцияларға ұшырағандардың тізіміне «ЦСКА» футбол клубы да кіреді. Сондай-ақ, тізімде Беларусьтің «БелВЭБ» банкінде орналасқан ресейлік экспорттық орталық пен Украинаның «Проминвестбанкі» бар. АҚШ Қаржы министрлігі америкалық компаниялар мен тұлғаларға «ВЭБ»-пен операцияларды 2022 жылдың 24 наурызына дейін аяқтауды бұйырды. РИА Новости мәліметінше, Ресей қарызына қарсы АҚШ-тың жаңа санкциялары 1 наурыздан кейін Ресей банкі, Ұлттық әл-ауқат қоры және қаржы министрлігі шығарған облигациялардың қайталама нарығына әсер етеді. Бұл бойынша санкциялар, әдетте, америкалық юрисдикциядағы активтер бұғатталады және АҚШ-тың жеке және заңды тұлғалары үшін мәмілелерге тыйым салынатынын білдіреді. Еуропалық Одақ Еуроодақ шенеуніктері дайындалып жатқан санкцияларға қатысты көп мәлімдеме жасады. Нәтижесінде Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель15 ақпанда Путинге Донбасс республикаларының тәуелсіздігін мойындауды ұсынған ресейлік 351 депутатқа шектеу енгізілетінін айтты. Сондай-ақ, бұл шаралар тағы 27 жеке тұлға мен ұйымға әсер етеді деп күтілуде. Еропалық Одақ екі республиканы тану халықаралық құқық пен Минск келісімдерінің өрескел бұзылуы екенін мәлімдеді. Санкция тізіміне енген адамдар енді ЕО елдеріне кіре алмайды және олармен іс жүргізу мүмкіндігінен айырылады. Германия Германия да сейсенбіде ДХР мен ЛХР-ді тануға жауап ретінде нақты бастама көтерді. Германияның экономика министрлігі канцлер Олаф Шольцтың ұсынысы бойынша билік «Солтүстік ағын – 2» сертификаттау процесін тоқтатты. Ол елдің Экономика министрлігінен газ құбыры әзірге сертификат алмауы үшін қажетті әкімшілік шара қабылдауды сұрады. Аустралия Аустралия да Ресейге қарсы санкциялар енгізетінін жариялады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Скотт Моррисон ABC эфирінде мәлімдеді. Бұл ел Қырым мен Севастопольге, Донецк және Луганск аймақтарына қолданылатын санкцияларды кеңейтетін болды. Сондай-ақ, ел билігі Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне кіруге тыйым салып, қаржылық санкциялар енгізбек. Жапония Жапония премьер-министрі Фумио Кисида сәрсенбіде Ресейдің Донецк және Луганск республикаларын тануына байланысты санкциялардың енгізілгенін жариялады. Бұл ел екі республика өкілдеріне виза беруді тоқтатып, осы республикалармен экспорттық-импорттық қатынастарға тыйым салу бойынша шектеу қойды. Бұдан әрі Жапония билігі осы шаралар бойынша нақты шешімдерді қабылдап, қажетті рәсімдерді кешіктірмей жүргізетіндіктерін атап айтты. Франция Кейінгі оқиғалардан кейін Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан 25 ақпанға жоспарланған ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесуі болмайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары