50610
Мәсімовтің тағы бір орынбасары ұсталды
Мәсімовтің тағы бір орынбасары ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары ұсталды деп хабарлады turkystan.kz комитетке сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинге және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.
Сонымен қатар, 22 ақпанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары М.С. Өсіпов ұсталды. 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.