Ресей Украинадағы русиндерге мемлекет құрып бере ме?

Ресей Украинадағы русиндерге мемлекет құрып бере ме?

Ресей Украинадағы русиндерге мемлекет құрып бере ме?
ашық дереккөзі
50209
Соңғы кезде Ресей «Орыс әлемі» идеологиясының аясында Украинаның батыс бөлігінде орналасқан Русин этникалық топтарына қолдау жасап келеді деп хабарлады turkystan.kz. Олардың саны Украина мен Шығыс  Еуропаны қосқанда 2 миллионға жетіп қалады. Украиндар русиндерді бұрыннан бері өздерінің бір этникалық тобы ретінде қатарына жатқызып келе жатса, русиндердің бір тобы өздерін орыстармен жақын туыс халықпыз деп есептейді. Ал негізінде олар - өздерінің ана тілі, діни наным-сенімі бар жеке халық. Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Сербия және Хорватияда русиндер аз ұлттың өкілдері болып саналады. Міне, осы русиндер Украинамен бірге Польша, Венгрия мен Словакияның шекаралас өңірлеріне шоғырланып қоныстанған. Өздерінің ана тілдері – русиндер тілінде сөйлейді. Ал Украинада олар елдің батыс өңірі – Закарпатьеде орналасқан. Кейбір деректерге қарағанда, Ресей оларға мемлекет құрып беруге көмектесемін деп келеді. «Орыс әлемі» идеологиясы мәдени кеңістіктен шығып, саяси құралға айналған кезде Закарпатьеде русиндер жеке мемлекет болуға ұмтылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары