Түркия Ресейдің әскери кемелеріне Қара теңізге өтуіне тыйым салды

Түркия Ресейдің әскери кемелеріне Қара теңізге өтуіне тыйым салды

Түркия Ресейдің әскери кемелеріне Қара теңізге өтуіне тыйым салды
ашық дереккөзі
50281
Түркия билігі ресейлік әскери кемелердің Қара теңіз бұғаздары арқылы өтуіне тыйым салды. Бұл туралы Facebook желісінде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.  Осы аптада Украинаның Анкарадағы елшісі Василий Бондарь Түркия үкіметінен Ресей кемелері үшін Босфор мен Дарданелді жабуды сұрады. Ол «Ресей әскери кемелерінің Украина жағалауында болуы ел үшін қауіпті» деп атап көрсетті. Бұған дейін Ресей басқа флоттардан алты ірі десанттық корабльді ауыстырып, Қара теңізде айтарлықтай әскери-теңіз тобын шоғырландырды. Монтре конвенциясына сәйкес, әскери қақтығыс болған жағдайда Түркия «дұшпандық ниеттегі елдердің» әскери кемелері үшін бұғаздарды жаба алады.

Серіктес жаңалықтары