Қырғыз музыканты Рузахунов тергеу амалдары үшін Алматыға шақырылды

Қырғыз музыканты Рузахунов тергеу амалдары үшін Алматыға шақырылды

Қырғыз музыканты Рузахунов тергеу амалдары үшін Алматыға шақырылды
ашық дереккөзі
50226
Қақтығыс кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов  Instagram-дағы парақшасында тергеу амалдары үшін Алматыға шақырылғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Викрам Рузахунов алғашында тергеуге келуден бас тартқанын атап өтті. Ол Қазақстанда кешкен қорқыныш пен соққы әлі естен кетпегенін жеткізді.
«Адвокатым Нұрбек Токтакунов антикоррупциялық қызмет тергеушілеріне осында (Қырғызстанға) келуге ұсыныс жасады.  Олар телефон арқылы мені ұстаған жерді, әкелген мекемені, мені соққыға жыққан камераны өзім көрсетуім маңызды екенін айтты», - деп жазды Рузахунов.
Музыкант Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі өзін Қазақстанға келуге көндіргенін, ол адвокатымен келетінін атап өтті. Сондай-ақ Викрам Рузахунов әлеуметтік желідегі жазбасына агенттіктің хатын тіркеді. Айта кетейік, биыл Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған музыкант Викрам Рузахунов қазақстандық құқық қорғаушылар күш қолданғанын мәлімдеген. Ол жауап алу кезінде танымал музыкант екенін айтқан, алайда полицейлер бұл ақпаратты тексермеген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Vicram Rouzakhunov (@vicrammusic)

Серіктес жаңалықтары