50347
Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті
Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды.
Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.