Ресейлік миллиардерлер Украинадағы соғысқа қарсы

Ресейлік миллиардерлер Украинадағы соғысқа қарсы

Ресейлік миллиардерлер Украинадағы соғысқа қарсы
ашық дереккөзі
50190
Екі ресейлік миллиардер - Михаил Фридман мен Олег Дерибаска Украинадағы соғысқа қарсы шығып, бейбітшілікке шақырды деп хабарлады turkystan.kz. LetterOne инвестициялық компаниясының басшысы, Украина тумасы Михаил Фридман компания қызметкерлеріне хат жолдады: «Мен соғыс ешқандай мәселенің шешім бола алмайтынына сенімдімін» деп жазғаны жайлы The Guardian газетінде баяндалды. Ол Батыс Украинада дүниеге келгенін және 17 жасқа дейін сонда тұрғанын, ал ата-анасы әлі күнге дейін сүйікті қаласы Львовта тұратынын атап өтті. Фридман қазіргі сәт украин және орыс халықтарына трагедия екенін жазды. Forbes нұсқасы бойынша, 15,5 миллиард доллар дәулеті бар Фридман әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 128-орында тұр. 27 ақпан күні түстен кейін ресейлік кәсіпкер Олег Дерипаска да өзінің Telegram-арнасында соғысқа қарсы пікір білдірді. «Бейбітшілік өте маңызды! Келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастау керек!» деді олигарх. Айта кетсек, Дерибаска - ең ірі алюминий өндірушілердің бірі - Русалдың тең дәрежелі иесі.

Серіктес жаңалықтары