50339
Ресейдің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстанға әсер ете ме?
Ресейдің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстанға әсер ете ме?
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында кейбір ресейлік банктердің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстан ішіндегі төлемдерге әсер етпейтінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жекелеген ресейлік банктердің SWIFT жүйесіне кіруіне тосқауыл қою туралы айтар болсақ, бұл Қазақстан ішінде төлемдерді жүргізуге әсер етпейді және елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейді. Қазақстандық банктер ел ішінде клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша барлық операциялары әдеттегідей жүзеге асырылады», - деді Ғалымжан Пірматов.Ол SWIFT жүйесінен ажыратылған ресейлік банктердің клиенттерімен трансшекаралық транзакцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысудың баламалы тетіктері дайындалғанын да атап өтті.