Украинадағы майданда қазақ жігіті тұтқынға түсіп қалды (ВИДЕО)

Украинадағы майданда қазақ жігіті тұтқынға түсіп қалды (ВИДЕО)

Украинадағы майданда қазақ жігіті тұтқынға түсіп қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50452
Журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында Украинада ресейліктер жағында соғысқан қазақ жігітінің тұтқынға түсіп қалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Атым Төлегенов Рамазан Серғазыұлы, 1997 жылғымын. Орынбордың Первомай ауданы, Камен ауылынанмын. БТР      82-АМ жүргізуші-ефрейторымын. Бөлімшенің командирі - сержант Могаммедов Салман. Украинаға 24 ақпанда келдік. Не мақсатпен барғанымызды білмеймін. Мен тек колоннамнан айырылып қалдым. 10-20 машина болдық. Нақтырақ білмеймін. Шабуыл жасалды. Бір тылсым күштің әсерінен аман қалдым»,- дейді орынборлық қазақ жігіті.
Көпшілік Ресейде тұратын қазақтар сол елдің әскерінде борышын амалсыз өтуге міндетті, сондықтан оған кінә тағуға болмайды деп, ашулы қазақтарға басу айтты.

Серіктес жаңалықтары