Қазақстан азаматтығын 600-ден аса адам алды

Қазақстан азаматтығын 600-ден аса адам алды

Қазақстан азаматтығын 600-ден аса адам алды
ашық дереккөзі
263
Ақордада еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың  төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті Отырыста ел азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды. Шара барысында Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның азаматы болуға талпынушы адамдардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді. «Біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің жаңа азаматтарын қарсы алуға өте қуаныштымыз. Оларға бақытты өмір және Отанының игілігі үшін табысты жұмыс тілейміз. Егемен Қазақстанның лайықты азаматы бола отырып, оның әрі қарай дамуына өз үлестерін қосатындығына сенемін», — деді Гүлшара Әбдіқалықова. ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шетелдерден келген түрлі ұлттың 622 өкілі Қазақстан  азаматы атанатын болады. Сонымен қатар, отырыс барысында Ішкі істер министрлігінің Қазақстан азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдау және азаматтықтан айыру мәселелері бойынша жұмыс нәтижелері талқыланды. Қорытындысында тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

Серіктес жаңалықтары