50249
Димаш Құдайберген онкология орталығына медицина жабдықтарын сыйға берді
Димаш Құдайберген онкология орталығына медицина жабдықтарын сыйға берді
Димаш Құдайберген қайырымдылық ұйымымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығына медициналық жабдықтар мен материалдарды сыйға тартты деп хабарлады turkystan.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2021 жылғы 16 қаңтарда Димаш Құдайберген Tixr американдық платформасында қайырымдылық сипаты бар Project C. U. R. E. коммерциялық емес ұйымымен бірге «Dimash Digital Show» онлайн-концертін өткізді. Димаш пен Рroject C. U. R. E. қайырымдылық ұйымының бірлескен жұмысының нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ғылыми онкология орталығына медициналық жабдықтар мен материалдар жеткізілді.
Медициналық орталыққа кереуеттер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбалар, хирургиялық бас киімдер, қолғаптар, хирургиялық маскалар, көзілдіріктер, бетперделер, N-95 халаттар мен маскалар берілді. 2022 жылдың 21 ақпанында «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев, «DimashNews» редакциясы және жоба үйлестірушісі Қымбат Жақыпова ҰҒОО-ға барып, жеткізілген жүкті қарап, орталық қызметкерлерімен әңгімелесті. ҰҒОО басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сыздықұлы Сатыбаев «DimashNews» тілшісіне берген сұхбатында:
«Қазіргі уақытта әлемдегі эпидемиологиялық жағдайда онкологиялық науқастарды емдеуге арналған жабдықтар мен материалдарды орталық белсенді қолданып жатыр. Кереуеттер палаталарға орнатылады, медициналық материалдар қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде», – деді.Коронавирус инфекциясы бар онкогематологиялық науқастарға арналған мамандандырылған бөлімде жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныс құралдары ерекше рөл атқарады. Бұл бөлімше ҰҒОО базасында ашылды, өйткені мұндай пациенттерді жалпы бейіндегі стационарларға жатқызу онкологиялық науқастардағы нөлдік иммунитеттің салдарынан өте үлкен қауіпке ие. Кездесу қорытындысы бойынша Қанат Сатыбаев ҰҒОО атынан көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысын жеткізді. Димаш Құдайбергенге оның жұмысына табыс тілеп, ауыр сырқаттың салдарынан өмірде ынтасын жоғалтқан көптеген пациенттер үшін шығармашылыққа баулу өте маңызды сәт болып табылатынын және адамдардың әрі қарай өмір сүруіне көмектесетінін атап өтті.
«Бұл көмек біз үшін шынымен мүмкін болатын көмек болды. Жоғарыда айтқанымдай, біздің орталықтың негізінде онкологиялық науқастарға арналған COVID-бөлімшесі ашылды, сондықтан біз оларды ковидтік стационарға жібермейміз және олар осында емделді. Бізге осындай міндет қойылды, біз оны толығымен іске асырдық және бізге берілген гуманитарлық көмекті қолдандық. Біз бұл мүмкіндікті науқастарымыздың игілігі үшін одан әрі пайдалануды жалғастырамыз. Бір адамның өмірін құтқару – үлкен марапат» , – деді Қанат Сатыбаев.Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық 2018 жылы құрылды және бүгінгі күні Орталық Азия өңірі елдерінде онкология саласындағы жетекші ғылыми орталық саналады. Онкология орталығында жоғары білікті мамандар халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттерге онкологиялық көмек көрсетеді, онкологиялық ісіктер бойынша операциялардың барлық түрлерін жүргізеді, сондай-ақ бүйрек пен бауыр ауыстырып салуды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта елордада жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған жаңа онкологиялық орталық салу жобасы іске асырылуда, онда халықаралық тәжірибе белсенді пайдаланылады. Ұлттық онкология орталығында ең озық технологиялар, сәулелік, лазерлік, протондық және ядролық медицина бөлімшелері ұсынылатын ғылыми-зерттеу зертханаларын, білім және клиникалық базаны қамтитын халықаралық деңгейдегі жетекші орталыққа айналады деп жоспарланған. Пациенттер Қазақстан аумағында ерте диагностикадан бастап жоғары технологиялық емдеу мен оңалтуға дейінгі медициналық көмектің бүкіл кешенін шет елге шықпай-ақ ала алады.