Ресейлік спортшылар 2022 жылғы халықаралық жарыстардан шеттетілді

Ресейлік спортшылар 2022 жылғы халықаралық жарыстардан шеттетілді

Ресейлік спортшылар 2022 жылғы халықаралық жарыстардан шеттетілді
ашық дереккөзі
50224
Үлкен теннистен Ресейдің ерлер мен әйелдер құрамасы биылға жоспарланған барлық халықаралық турнирлерге қатыспайтын болды деп жазды turkystan.kz.
«Халықаралық Теннис федерациясы тек Дэвис Кубогы мен Билли Джин Кинг Кубогының Әлем чемпиондары атанған ресейлік теннисшілер 2022 жылғы жарыстардан шеттетілді. Сондай-ақ Беларусь Теннис федерациясының мүшелігі де тоқтатылды», - деп хабарлады ұйымның ресми сайты.
Сонымен қатар ITF бастамасымен Ресей мен Беларуссиядағы барлық жарыстар тоқтатылды. Ал сол екі елдің теннисшілері Халықаралық Теннис федерациясы өткізетін түрлі жарыстарға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Осылайша, ресейлік теннисшілер жыл бойы ITF жарыстарына қатыспайды. Алайда, Ресей мен Беларусь теннисшілері ATP және WTA турнирлеріне, сондай-ақ Үлкен Дулыға жарыстарына қатысуға құқылы.

Серіктес жаңалықтары