Назарбаев: Атымды Астанаға беріңдер деп ешкімге айтқан жоқпын

Назарбаев: Атымды Астанаға беріңдер деп ешкімге айтқан жоқпын

Назарбаев: Атымды Астанаға беріңдер деп ешкімге айтқан жоқпын
ашық дереккөзі
256
Нұрсұлтан Назарбаев елде қызу пікірталас тудырған депутаттардың бастамасына пікірін білдіре келе, «Нұр» сөзін кез-келген жерге қыстырмаса көңілі көншімейтіндерге де өкпесін айтты. «Бірдеңе болса,  «нұр», «нұрлы» деген сөзді қосады. Соның бәрі менің жеке басыммен байланысты деп ойлайды. Бұл тақырып туралы айтып жүргеніме көп болды.  Бүкіл жерге «нұр», «нұрлы» деп жазсын деген тапсырманы мен берді деп ойлайтын шығар. Кеше ғана Парламент тіпті Астанаға менің атымды беру туралы болжам жасапты. Мен ондай болжам жасаған емеспін және ол туралы тіпті айтқан емеспін", - деді Президент. Оның айтуынша, биліктің тәуелсіз тармағы ретінде Парламент шешім қабылдауға құқылы. Бірақ, қала мен елді-мекен атауын өзгертуге байыптылықпен қараған жөн деп ескерту жасады. Айта кетсек,  Парламенттің біріккен отырысында депутаттар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы декларация қабылдап, Астананың атын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп атауды ұсынған болатын. Бұл бастаманы қолдай қоймаған Елбасы Астананың атынан бұрын, нақты істермен айналысуға кеңес берді. "Парламентке, жалпы барлықтарыңға  қабылдаған декларация үшін алғысымды айтамын.  Адам ретінде мұның бәрін жақсы қабылдаймын. Бірақ, бұл бір мәселе. Басқа да жұмыстардың шешілуін қарастыру керек", - деді Президент өз пікірінде.

Серіктес жаңалықтары