Рамзан Қадыровтың 650 мың теңге тұратын етігі қызу талқыға түсті

Рамзан Қадыровтың 650 мың теңге тұратын етігі қызу талқыға түсті

Рамзан Қадыровтың 650 мың теңге тұратын етігі қызу талқыға түсті
ашық дереккөзі
50388
25 ақпанда Шешен Республикасының астанасы Грозныйда Рамзан Қадыров қауіпсіздік күштерінің жеке құрамын тексеруден өткізді. Ол көпшілік алдына ерекше киіммен шыққан деп жазды turkystan.kz. Рамзан Қадыров 12 мың сарбаздың алдында сөз сөйледі. Шешенстан басшысы Украинаға қоқан-лоққы көрсетіп, Ресей Президенті Владимир Путин қойған кез келген тапсырманы орындауға дайын екенін байқатты. Алайда желі қолданушылары келесі күні қауіпсіздік күштерінің керемет құрамы жайлы емес, Рамзан Қадыровтың аяқ киімін талқылап кетті. Ол көпшілік алдына әскери стильдегі киіммен және пропорционалды емес биік табаны бар етікпен шыққан. Сән мамандары бағасы 1250 еуродан (646 925.81 теңгеден) басталатын аяқ киімнің PRADA Monolith өнімі екенін айтты. Прада Көпшілік Рамзан Қадыровтың әріптестеріне қарағанда сәл биік болып көрінгісі келгендіктен таңдауы осы етікке түскен деген болжам жасаған. Айта кетсек, Prada - сәнді киімдер, аяқ киімдер және аксессуарлар өндіруге маманданған итальяндық компания. Компанияның штаб-пәтері Миланда орналасқан. Тағы оқи отырыңыз: «Намазға тоқтады»: Қадыров Украинадағы шешен әскерлерінің видеосын жариялады

Серіктес жаңалықтары