198
Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсіні орнатылды
Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсіні орнатылды
Санкт-Петерборда қазақтың көрнекті қоғам және саяси қайраткері, Ресейдің Тұңғыш Мемлекеттік Думасының депутаты (1906 ж.) Әлихан Бөкейхановтың бюстін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына тарту ету салтанаты болды. Бюст Ресейдің алғашқы Думасының отырысы өткен Таврия сарайындағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтеріне қойылды. Мүсінді жасаған Өмірзақ Шаңов, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметінен. Салтанатты аша келіп, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ХХ ғасырдың басындағы көрнекті қазақ зиялысының туғанына 150 жыл толғаны аталып өтетін жылы бюстінің Санкт-Петербордағы Таврия сарайына орнатылуы ерекше мағынасы бар екенін атап өтті. Төраға осы мерейтойға байланысты естелік шаралар ЮНЕСКО аясында өтіп отырғанын еске салды. «Әлихан Бөкейхановтың қызметі биік адамгершіліктің, ұлттық және азаматтық парызына кіршіксіз адалдық пен шынайы берілудің үлгісі болып табылады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы. Салтанат барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы, Ресей Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко, Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володин, Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов сөз сөйледі. Салтанатты шараны аяқтай келіп Қ. Тоқаев, Ә.Бөкейхановтың бюсті Ресей, Қазақстан және Достастық елдерінің арасындағы тарихи байланыстар уақыты мен достық қарым-қатынастардың белгісіне айналатынына нық сенім білдірді.