Өскеменнің іргесінде қоқыс жағатын зауыт салынбайтын болды

Өскеменнің іргесінде қоқыс жағатын зауыт салынбайтын болды

Өскеменнің іргесінде қоқыс жағатын зауыт салынбайтын болды
ашық дереккөзі
50499
Қала әкімдігі қоқыс жағатын зауыт салу жоспарынан бас тартты. Ал қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда деп жазды turkystan.kz.
«Қоқысты сұрыптау зауытын іске қосу қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Сондай-ақ қала сыртында қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жаңа полигонды жайластыру жобасы да іске асырылады. Бұл полигон тұрғын аймақтардан жырақта болып қана қоймай, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда экологиялық таза болады», - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.
Оның айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейін шамамен 2024 жылы Шмелев Лог кенті маңындағы ескі қоқыс орны жабылып, аумақ қалпына келтіріледі. Айта кетсек, аталмыш зауыт биыл жабылған «ӨКМ Операторының» еліміздің 6 қаласында қоқыс жағатын зауыттарды салу жобасы аясында жоспарланған. Бұл мақсатта Өскеменде қалалық полигон мен қоқысты сұрыптау зауытының жанында қажетті жер телімі де бөлінген болатын.

Серіктес жаңалықтары