AMANAT: ашықтық, адалдық, жауапкершілік

AMANAT: ашықтық, адалдық, жауапкершілік

AMANAT: ашықтық, адалдық, жауапкершілік
ашық дереккөзі
50228
Жақында үлкен саяси оқиға – «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІІ съезі өтті. Шыны керек, соңғы кездері партияның төңірегінде әртүрлі ақпараттар мен қауесеттер көп болды, біреулер тіпті таратылуы туралы да айтты. Бірақ, өзіміз куә болғандай, партия жұмылып, өз жұмысын жалғастыратын болады. Сонымен қатар, жаңа жобалар, ашық диалог алаңдары қызмет етеді. Мемлекет басшысының съезді қысқа уақыт аралығында өткізу туралы шешімі -  халық көкейіндегі түрлі күмән мен мемлекет алдында тұрған қазіргі заманғы сын-қатерлерге берген нақты жауабы болды. Бұл, ең алдымен, Президенттің елдегі оқиғалардан қалыс қалмай, саяси бастамалардың негізгі көзі екенін тағы бір дәлелдейді. Сонымен қатар бұл съезден кез келген қазақстандық өзінің көкейінде жүрген тың өзгерістер мен жаңа бетбұрыстардың қажеттілігінен туындаған сауалдарына жауап алды деп ойлаймын. Өйткені, мұнда жарияланған трансформация, партияның ребрендингі, тағысын-тағы – бұның барлығы өздігінен туындаған дүние емес, бұл ел көлемінде әрбір аймақтық және  аумақтық партия филиалдардың берген ұсыныстары негізінде жасалынып отыр. Ал ол ұсыныстарды біз халықты толғандыратын өзекті мәселелерді, тұрғындардың жолдап жатқан талап-тілектерді ескере отырып жасадық. Ребрендинг тек партия атауы мен атрибуттарды өзгертумен ғана шектелмейді, партия өз қызметінің барлық бағытын – құрылымын, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың жұмысын, халықпен кері байланысты, жастар саясатын, партиялық бақылауды, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруды, ішкі партиялық тәртіпті, азаматтық қоғам институттарымен жұмысты өзгертуге күш жұмсайтын болады. Әрбір азаматтың талап-тілектерін ескерусіз қалдырмау, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейту арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Айта кетсек, партияның жауапты хатшысы А.Оралов қоғамды толғандырған өткір мәселелер мен партияға қатысты сыни пікірлерге талдау жасалғанын, соның негізінде партияны жаңғырту жоспарын әзірлегенін айтты. Партияны модернизациялаудың нақты жеті бағытын белгілеп берді. Алдағы уақытта алдымызға қойылған бағыттар мен жарияланған реформаларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш- жігерімізді салып жұмыс жасайтын боламыз.

 Есімхан БЕРТАЕВ,

Шымкент қаласы Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы

Серіктес жаңалықтары