Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары: ақпан айында не істелді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары: ақпан айында не істелді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары: ақпан айында не істелді?
ашық дереккөзі
50297
Қайғылы қаңтар оқиғаларынан кейін және біздің жаңа Қазақстанды құра бастағанымызға екі айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нон-стоп режимінде реформалар жүргізіп, жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар берген болатын. Бүгінде Үкімет көптеген тапсырмалар бойынша ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді деп жазды turkystan.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. 1) Утильалымның мөлшерлемесін қайта қарау жөніндегі тапсырма толық орындалды. Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлеріне ставка 50%-ға төмендетілді, кабельдік өнімге және рекреациялық техникаға кәдеге жарату алымдары толық жиналды. «Оператор РОП» ЖШС-нің шотында жинақталған қаражаттың  100 млрд теңгесі жеңілдетілген автокөлік несиелендіру бағдарламасын қаржыландыруға бағытталды. 2) Президент қазақстандық арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) жұмысын сынға алған болатын. Олар үшін ерекше жағдайлар жасалғанымен, АЭА аумақтарында өндірілген тауарлардың үлесі елдің ЖІӨ-нің 1,5%-ына әрең жетеді. Осыған орай, Үкімет АЭА тиімділігіне талдау жүргізіп, қолданыстағы заңнамаға түзетулер пакетін дайындады. АЭА шеңберінде жеңілдіктер мерзімін инвестициялар көлеміне, салық түрлеріне және шығарылатын өнімнің күрделілігіне қарай саралау ұсынылады. Сондай-ақ, АЭА қатысушыларының өзіне алған барлық міндеттемелерді орындағанан кейін жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін заңнамалық түрде бекіту туралы шешім қабылданды. Басым бағыттарды айқындау жөніндегі тәсілдер қайта қаралатын болады. АЭА басқарушы компаниялары үшін тиімділіктің жаңа критерийлері пайда болады. 3) Мемлекет басшысы жұртшылықтың көңілі толмай жүрген қазақстандық автоөнеркәсіпті тексеруді тапсырған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы тапсырманы орындау үшін өнеркәсіптік жинау туралы барлық келісімдерге талдау жүргізді. Автокомпоненттерді өндіру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары қалыптастырылды, сондай-ақ кейіннен бірлескен өндіріс құру және инвестициялар тарту үшін сертификатталған өнім берушілерді тарту мәселесі пысықталуда. 4) Президент өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырған-ды. Саланы қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету және көптеген кәсіпорындарға техникалық қайта жарақтандыру қажеттігі айтылды. Осы орайда, Үкімет алюминий радиаторлары, профильдер, созба сым, автокөлік дискілері, аккумуляторлар, тамақ банктері және басқалары сияқты терең қайта өңдеу тауарларын өндіру жөніндегі 12 жаңа негізгі жобаның тізбесін айқындады. Сонымен қатар, Индустрия министрлігінің пайымдауынша, Қазақстанға екі жаңа зауыт (ел ішінде өндірілетін барлық глинозем мен мыс концентратын қайта өңдейтін электролиз және мыс балқыту зауыты) қажет. Өйткені олар бойынша үлкен жетіспеушілік бар. 5) Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрылыс нарығын монополиясыздандыру жөніндегі тапсырмасы да заңнамалық деңгейде орындалатын болды. Бұл нарықта үстемдік ететін компаниялар анықталды. Реформалар үш негізгі бағыт бойынша ұсынылады. Олар – үлестік құрылысқа қатысуды реттеу; жер беру және құрылыс салуды жоспарлау; Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіру. Заңнамалық өзгерістер жер учаскелерін конкурстан тыс беруді алып тастауды, заңнаманы айналып өткені үшін жауапкершілікті күшейту жолымен үлестік құрылыстағы талаптарды жетілдіруді және үлескерлердің қаражатын заңсыз тартуды анықтауды көздейтін болады. Атап айтқанда, тендер кезеңінде жұмыстар жүргізу жобаларын ұсыну міндеттемесін енгізу, конкурсқа қатысу үшін сатып алудың шекті сомасын белгілеу, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша төленген салықтар көрсеткішінің ара-жігін ажырату, қосалқы мердігерлік бөлігіндегі қарым-қатынастарды басқару ұсынылатын болады. 6) Президент майнинг саласында тәртіп орнатуды тапсырды. Оның пікірінше, заңды түрде жұмыс істейтін кеншілер тиісті лицензияға ие болып, электр энергиясын тиісті тарифтер бойынша алуы және кірістерді декларациялауы және салық төлеуі тиіс. Сонымен қатар, ол майнингке салынатын салықты арттыруды тапсырды. Үкіметтің бұл тапсырмаларға қатысты ұсыныстары дайын. Атап айтқанда, тұтынылған электр энергиясының 1 кВт/сағатына салық мөлшерлемесін 1 теңгеден 10 теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды.  Тұтынушылардың басқа топтарына қарағанда жоғары баға белгілеу мақсатында энергия өндіруші ұйымдардан тұтынушылардың жеке тобын (цифрлық майнингті жүзеге асыратын) бөлу. Жалғасы бар.

Серіктес жаңалықтары