Валюта сатып алғандар 30 пайыздық комиссия төлейді

Валюта сатып алғандар 30 пайыздық комиссия төлейді

Валюта сатып алғандар 30 пайыздық комиссия төлейді
ашық дереккөзі
50215
Ресейдің Орталық банкі жеке тұлғалар үшін биржадан шет ел валютасын сатып алғанда 30 пайыздық комиссия енгізді деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Реттеушінің баспасөз қызметі жеке тұлғалар қор биржасынан доллар, еуро және фунт стерлинг сатып алғанда Орталық банк кем дегенде 30 пайыз комиссия алатынын мәлімдеді. Рубльдің долларға шаққандағы сатып алу қабілетінің паритеті кеше 4,7 пайызға өсіп 106-ға, еуроға қатысты 2,6 пайызға өсіп 115-ке жетті. Айта кетсек, Мәскеу биржасы Ресей Федерациясына салынған санкцияларға байланысты 28 ақпаннан бастап жабылды.

Серіктес жаңалықтары