1390
Талғат ЫСҚАҚОВ, Шымкент қалалық партия филиалының Саяси кеңесінің мүшесі: Кез келген салада мемлекеттік мүдде бірінші орында тұруы қажет
Талғат ЫСҚАҚОВ, Шымкент қалалық партия филиалының Саяси кеңесінің мүшесі: Кез келген салада мемлекеттік мүдде бірінші орында тұруы қажет
Саяси кеңес мүшесі ретінде партияның кезектен тыс съезінде өте маңызды мәселелер көтерілді деп айта аламын. Соның ішінде жалпы сөзден емес, іске көшу, ашықтық, модернизация сияқты бастамаларға ерекше тоқталғым келеді. Себебі қазір әлем шапшаң өзгеріп жатыр. Халықтың пікірі жоғарыға жетіп, билік оны саралап, соған байланысты жұмыс істелуі маңызды. Қазір шапшаң қимылдайтын уақыт. Бізде бір-ақ адам, Президент қана айтады, жоқ олай болмауы керек, әртүрлі органдар, мекемелер өзінің жұмысына жауап беруі керек, шешім қабылдап, өзгерістерге дайын болғаны абзал. Сол жағынан бізге модернизация керек. Кез келген салада мемлекеттік мүдде бірінші орында тұруы қажет. Ал партияның аты өзгергенін қолдаймын. Аманатқа қиянат жасамауымыз керек. Ел мен жер ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты.
Талғат ЫСҚАҚОВ, Шымкент қалалық партия филиалының Саяси кеңесінің мүшесі