50206
Елордада заңсыз ашылған тағы бір майнинг фермасы анықталды
Елордада заңсыз ашылған тағы бір майнинг фермасы анықталды
Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір майнинг фермасының заңсыз қызмет фактісі аңықталды деп хабарлады turkystan.kz.
ҰҚКД-мен бірлескен ҚМА елордалық департаменті өнеркәсіптік аймақ аумағында майнинг фермасын анықтады.
Тексеру барысында 3 Теңіз контейнерінің ішінде 1170 дана ANTMINER E3, WHATSMINER M20S, ANTMINER T17, ANTMINER L3+ майнингке арналған цифрлық жабдықтың 4 түрі табылды.
Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаның алдын-ала мөлшері шамамен 2,5 миллион АҚШ доллары болады.
ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі («Заңсыз кәсіпкерлік») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.