Әлем кубогы: қазақстандық гимнаст алтын алды

Әлем кубогы: қазақстандық гимнаст алтын алды

Әлем кубогы: қазақстандық гимнаст алтын алды
ашық дереккөзі
50509
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Нариман Курбанов жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. Нариман гимнастикалық ат снарядында сынға түсіп, әлем үздіктерінің алдын орады. Ол финалдағы жаттығуы үшін төрешілерден 15.200 ұпай алған. Күміс медальді ирландиялық Рис МакКленаган иеленсе, қола жүлде армениялық Арутюн Мердинянға бұйырды. Айта кетсек, Нариман Курбанов Котбуста (Германия) өткен әлем кубогында финалда өнер көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары