292
Елордада «Астана Балет» театры тұсауын кеседі
Елордада «Астана Балет» театры тұсауын кеседі
Елордада 10-11 желтоқсанда «Астана Балет» театрының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оның құрылысы 2015 жылдың мамырында басталған болатын. Нысанның жалпы ауданы 15 467 м² құрайды. Құрылыс жұмыстарына 400-ге жуық қазақстандық құрылысшы мен маман тартылған.
«Бұл — керемет заманауи кешен, мұнда дайындық жасауға, қойылым көрсетуге арналған үлкен залдар, кең және жарық гримдеу бөлмелері, спорт залы және т.б. бар», – дейді театр өкілдері.
«Астана Балет» Қазақ ұлттық хореография академиясының жанында орналасқан. Көрермен залының сыйымдылығы – 783 орын, соның ішінде партер – 609 орын, балконның 2-ші ярусы – 104 орын, 3-ші ярусы – 70 орын. Дизайнерлердің ұсынған жобасы бойынша, алтын-қоңыр түсті шымылдық ілініп, орындықтар жауқазын түстес материалмен қапталған, ал еден — қоңыр түсті.
Сахнаның ауданы 536 м² құрайды. Сахнаны трансформациялау үшін қозғалмалы және көтеру-түсіру механикасының ең озық технологиялары пайдаланылды. Сахнада ең күрделі сценографиясы бар қойылымдар қоюға мүмкіндік бар. Театрда сахна ауданымен бірдей жаңа спектакльдерді қоюға ыңғайлы екі дайындық залы қарастырылған.