50168
«72 сағат береміз»: Черногория Ресей елшісін елден шығармақ
«72 сағат береміз»: Черногория Ресей елшісін елден шығармақ
Бұл туралы turkystan.kz Черногория Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Шешім Черногория қауіпсіздік органдары Ресей елшісінің әрекетін талдағаннан кейін қабылданған. Оның қызметі Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясына қайшы екені анықталды» деп жазылған министрлік хабарламасында.
Сыртқы істер министрлігінің шешімі 4 наурыз күні Ресей елшілігіне жолданды.
Дипломатқа 72 сағат ішінде елден кетуге бұйрық берілді.
Тағы оқи отырыңыз: Ресей боксы ауыр соққы алды