Ірі жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Ірі жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Ірі жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті
ашық дереккөзі
50272
Алматыда жол-көлік оқиғасы болып, Toyota мен Chevrolet маркалы екі көлік соқтығысты деп жазды turkystan.kz. Апат шаһардың Әуезов шағынауданында болған. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, Toyota Camry автокөлігі Өтеген батыр көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған. Қатты соққыдан екі көлік те айтарлықтай зақымданды.  width= Шам бағанына соғылған Chevrolet Cobalt көлігінде ешкім болмаған. Ал екінші көліктегі екі жолаушы ауыр жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Toyota Camry жүргізушісі жол апаты болған жерден қашып кеткен. Полицейлер оны іздестіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары