Жалғыз бір ауданда 400-ден астам электр бағаны құлаған

Жалғыз бір ауданда 400-ден астам электр бағаны құлаған

Жалғыз бір ауданда 400-ден астам электр бағаны құлаған
ашық дереккөзі
50200
Атырау облысының Құрманғазы ауданында көтерілген дауылдың салдарынан 407 электр бағаны құлап, 18 ауылдық округ жарықсыз қалды деп жазды turkystan.kz. Табиғи апаттың салдарынан бір 22 метрлік 35 кВТ, алты 22 метрлік 10 кВТ, 400-ге жуық 11 метрлік 10 кВТ электр бағаны құлаған. Осыған байланысты медицина мекемелері мен өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарда уақытша дизель генераторы іске қосылған. Дегенмен Құрманғазы ауданындағы электр жарығы әлі де толық берілген жоқ.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Құрманғазы ауданының орталығында электр энергиясы кезең-кезеңмен берілуде. Қазір Құрманғазы, Байда, Орлы, Шортанбай, Дыңғызыл, Қиғаш, Сүйіндік, Асан, Азғыр, Нұржау, Жаңаталап, Теңіз, Кудряшов, Еңбекші, Мақаш, Сафон, Ақкөл округтеріне жарық берілді. Ал Көптоғай округінде бір бригада (6 адам, 4 техника), Бірлік ауылдық округінде үш бригада (14 адам мен 3 техника) электр энергиясын, кейбір елді мекендерде электр және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Қазақтелеком» АҚ-ына тиесілі 27 стансаның 20-сында байланыс орнатылды», - деп хабарлады аудандық әкімдік өкілдері.
Сондай-ақ Құрманғазы ауданында электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарына «Атырау-Жарық» АҚ-ның 8 бригадасы (56 адам, 20 техника) және «Қазақстан теміржолы» АҚ электрмен қамту бөлімінің бір бригадасы (15 адам, 6 техника) жұмылдырылып отыр.

Серіктес жаңалықтары