«Қазақстанда сендерді ешкім күтіп отырған жоқ»: белгілі кәсіпкер ресейліктерге үндеу жолдады (ВИДЕО)

ашық дереккөзі
50295
Белгілі кәсіпкер, журналист Арман Шораев Ресейден Қазақстанға көшіп келгісі келетіндерге үндеу жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Ол бейнежазбада елімізге көшуді ойлап жатқан ресейліктерді сынап, Қазақстанға мүлде жоламауды өтінді.
«Сендер әскерлерің Украинаның қалаларын, балаларын, әйелдер мен қарт адамдарын бомбалап жатқанда үндемей отырсыңдар. Ал Ресейді ешкім соққының астына алып жатқан жоқ. Ертең Қазақстанға көшіп келсеңдер, сепаратист болатындарыңа ешкім күмәнданбайды. Сондықтан мен сендердің Қазақстанға көшіп келулеріңе қарсымын. Сендерді мұнда ешкім күтіп отырған жоқ», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін біз Ресейде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауына байланысты ол елден Қазақстанға көшіп келгісі келетіндер күн сайын көбейіп жатқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары