447
Елбасы АҚШ президенті жөнінде пікірін білдірді
Елбасы АҚШ президенті жөнінде пікірін білдірді
Bloomberg агенттігіне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамп жөнінде де пікірін білдірді.
Осы сұхбат барысында АҚШ-тағы президенттік сайлаудың қорытындысына тоқталған Елбасы: «Трамп мырзаның ұсыныстарынан маған не ұнайды? Маған оның әлем экономикасының фрагменттелуіне қарсы болуы ұнайды. Қараңыздаршы, таза саяси тұрғыда не орын алып жатыр? Транстынықмұхиты ынтымақтастығы. Бұл бір. Онда Америка Құрама Штаттары бар. Трансатлантикалық туралы сөз болды. Онда Америка мен Еуропа бар. Сонда ортасындағы біз қайда қалдық? Картаға қараңыздар, Ресей, біздің барлық өңір, Қытай, Үндістан, Пәкістан анда да жоқ, мұнда да жоқ. Бұл ретте Шанхай ынтымақтастық ұйымы немесе Үлкен Еуразиялық бірлестік аясында бірігуге тура келеді», - деді Елбасы.