50561
Қызылордада адам қағып өлтірген полицей ұсталды
Қызылордада адам қағып өлтірген полицей ұсталды
Қызылорда облысында адам қағып, оқиға орнынан бой тасалаған полиция қызметкері ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Қызылорда облысы Жаңақорған кентіндегі орталық көшелердің бірінде болды. Белгісіз автокөлік жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу жағдайлары көрсетілген.
«Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті ретінде полиция қызметкері анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасуда. Кінәлі полиция қызметкері құқық қорғау органдарынан шығарылды. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің басшылығына қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Тәртіптік кеңес шешімімен бірқатар басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.