«Қазақстанда доллар таусылды ма?»: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

«Қазақстанда доллар таусылды ма?»: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

«Қазақстанда доллар таусылды ма?»: Ұлттық банк мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50302
Ұлттық банк еліміздің айырбастау пунктеріндегі қолма-қол шет ел валютасына қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айырбастау пунктерінде және екінші деңгейлі банктерде қолма-қол долларды сатуға немесе шығарып алуға шектеу қоюға қатысты сауалдардың көптеп түсуіне байланысты Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлады. Сонымен бірге, қолма-қол шет ел валютасын шығару кезінде туындаған қиындықтар, ең алдымен, халық тарапынан сұраныстың өсуіне, сондай-ақ шиеленіске толы геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шет ел валютасын жеткізудегі логистикалық кедергілерге байланысты туындап отыр.
«Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк АҚШ-тың орталық банкі - Федералдық резервтік жүйеден қолма-қол шет ел валютасының қосымша көлемін жеткізу амалдарын қарастырып жатыр. Сондай-ақ бізде қолма-қол ақшаны көлік компанияларымен өз уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз»,- делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары