50397
«Ұл болғанын қалаған»: ер адам туған қызын атып өлтірді
«Ұл болғанын қалаған»: ер адам туған қызын атып өлтірді
Тұңғышының ұл болғанын қалаған Пәкістан азаматы жеті күндік сәбиін атып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Үйленгеніне екі жыл болған Шахзаиб оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ бейсенбі күні жақын маңдағы ауданда ұсталды», - дейді полиция.Туысқанының айтуынша, Шахзаиб әйелінің қыз босанғанын біліп, оны қабылдаудан бас тартқан. Нәрестенің нағашысы Хидаятулла Хан өлтірген күдіктінің үстінен ресми шағым түсірді.
«Әкесі қызды қолына алып, атып өлтірді», - деді туыстары.Нәрестенің нағашысы сәбиді құтқармақ болған, бірақ күдікті оған және басқа туыстарына мылтық сілтеп, атып тастаймын деп қорқытқан. Құқық қорғау топтары Дүниежүзілік экономикалық форумның 2021 жылғы гендерлік айырмашылық индексінің төменгі сатысынан үш саты жоғары тұрған Пәкістанда қыздар мен әйелдер әртүрлі себептермен тұрақты зорлық-зомбылыққа тап болады дейді.