50273
Қадыров Киевте жүр: оның көзін жоюға бұйрық берілді (ВИДЕО)
Қадыров Киевте жүр: оның көзін жоюға бұйрық берілді (ВИДЕО)
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Киев маңында екені расталса, Украина Қарулы Күштеріне оның көзін жоюға бұйрық беріледі деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы 13 наурызда Ұлттық телемарафонның эфирінде Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді.
13 наурызда желіде Шешенстан мемлекеттік арнасы «Грозный» жариялаған видео пайда болды.
Бейнежазбада Қадыровтың қоластындағы қызметкер оның Киевтен 7 шақырым жердегі балалар үйін басып алу операциясы туралы хабарлайды. Видео нақты қай жерде және қашан екені белгісіз қараңғы жертөледе түсірілген.
«Қазір ақпараттың дұрыс-бұрыс еместігі тексеріліп жатыр. Бірақ оны кеше Грозныйда көргені туралы ақпарат бар. Алайда бір күнде Киевтің жанына келуге болады. Соған қарамастан, оның сыртқы түрі ештеңені шешпейді. Ақпарат рас болса, біз оны жоямыз. Егер ақпаратты анықтамасақ, келесі жолы жоямыз», – деді Арестович.Kadyrov_95 Telegram-арнасы «Егер Қадыров шынымен де Киевтің жанында болса, Украина Қарулы Күштері оны жояды – Арестович» деген тақырыпты қайта жариялап, «Неге «егер» дейді? Видеоны көрмедің бе, әлде есігіңді қағуым керек пе?» делінген хабарламада. Өз кезегінде Арестович бұл ұсынысқа Facebook желісінде «Ал, қағып көрсін...» деп жазды.