«Қазақтелеком» АҚ кеңселерінде тінту жүріп жатыр» – Антикор

«Қазақтелеком» АҚ кеңселерінде тінту жүріп жатыр» – Антикор

«Қазақтелеком» АҚ кеңселерінде тінту жүріп жатыр» – Антикор
ашық дереккөзі
50590
Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы «Қазақтелеком» АҚ филиалдарында тінту жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Олжас Бектенов айтты деп жазды turkystan.kz. Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Бектенов «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қылмыстық іс бойынша тек куәгер ретінде өтіп жатқанын атап өтті.
«Әрине, тергеу жүріп жатқандықтан, тінту шараларын, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-да жүргізу қажет. Тінту Алматыда да, астанада да өткізіледі. Акционерлік қоғамның қазіргі басшысы Қуанышбек Есекеев әзірге іс бойынша өтпейді. Одан куәгер ретінде жауап алынды», - деді Олжас Бектенов.
Еске сала кетсек, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары