384
10 ай ішінде 14 тоннаға жуық дәрі шығарды
10 ай ішінде 14 тоннаға жуық дәрі шығарды
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі бір жыл ішінде 51пайызға өсті. Оған фармацевтикалық өнім бағаларының өсуі әсер етіп отыр, - дейді finprom.kz.
Сарапшылардың айтуынша, 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында ҚР фармацевтикалық кәсіпорындар былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артық өнім өндірген. Бұл соңғы 5 жылда байқалған ең жоғары өсім.
Осы 10 ай ішінде қазақстандық кәсіпорындар 14 тоннаға жуық дәрі шығарған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 51 пайызға көп.
Фармацевтикалық өнім шығаратын ірі кәсіпорындар да өндірісін арттырып, былтырғы жылмен салыстырғанда салық көлемін арттырған. Осы нарықтағы үздік үш көшбасшы ҚР 1,9 млрд теңге салық төлеген. Бұл 2015 жылдың салық көлемінің 95 пайызын құрайды.