Тәжікстанда президент кітабына ескерткіш орнатылды

Тәжікстанда президент кітабына ескерткіш орнатылды

Тәжікстанда президент кітабына ескерткіш орнатылды
ашық дереккөзі
444
Гиссарда Тәжікстан президентінің "Тәжіктер тарих айнасында" деп аталатын кітабына арнап ескерткіш орнатылды. Кітап мүсінінің салмағы - 1 тонна.
Соңғы 20 жылда Тәжікстан президенті ондаған кітап жазды. "Тәжіктер тарих айнасында" деп аталатын кітабы 2002 жылы жарық көрді. Онда бес мың жыл кезеңіндегі тәжіктер тағдыры айтылады. Әзірге монумент Гиссар әкімшілігінің алдында тұр. Мектеп мұғалімдері патриоттық рухта тәрбие беру үшін мұнда оқушыларын алып келіп, ескерткішті көрсетіп жатыр. Таяуда монументті қала орталығына қояды. Гиссардағы білім беру бөлімінің басшысы Назри Асадзода "ұлы кітаптың монументінің ұзындығы 4 метр, көлемі 6 метрді құрайды, оның бағалығында шек жоқ" дейді. Мүсін президент мектебінің бастамасымен дайындалды дейді. Ол жергілікті кәсіпкерлердің ақшасына әзірленген делінеді. Жалпы құны - 12 мың сомони (1524 АҚШ доллары шамасында). Тәжікстан заңында Ұлт лидеріне тірі кезінде ескерткіш орнатуға тыйым салынады. Алайда Гиссардың білім қызметкерлері мемлекет басшысын ұлықтаудың басқаша жолын тапты.

Серіктес жаңалықтары