Өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

Өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

Өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
50298
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өртенген көлік Матросов пен Энгельс көшелерінің қиылысында тұрған.
«Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін Mazda маркалы көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексерілу үстінде. Марқұмның кім екенін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды. Тағы оқи отырыңыз: Көлік жуу орталығында жұмыс істейтін қыз аяғынан айырылды (ВИДЕО)

Серіктес жаңалықтары