Ресей кеденшілері астық пен қанттың ірі партиясын Қазақстанға өткізбей қойды

Ресей кеденшілері астық пен қанттың ірі партиясын Қазақстанға өткізбей қойды

Ресей кеденшілері астық пен қанттың ірі партиясын Қазақстанға өткізбей қойды
ашық дереккөзі
50232
Самара кеденшілері Қазақстанға 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна түйіршіктелген қантты жібермеді. Бұл туралы Ресейдің Федералдық кеден қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Самара кеденшілері Қазақстанға темір жол арқылы 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна қантты заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
«Орынбор облысының Илецк-1 темір жол станциясында кеденшілер тасымалдауға тыйым салынған жеті вагон астық пен бір вагон қантты тапты. Тауар жіберушіге қайтарылады» деп жазылған хабарламада.
Ресей Үкіметі 15 наурыздан бастап дәнді дақылдар мен қантты Ресейден экспорттауға тыйым салды. Астықты әкетуге салынған тыйым 2022 жылғы 30 маусымға дейін, қантқа - 2022 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады.
«Самара кедені шектеулер енгізілгеннен бері рұқсатсыз жүк тасымалдаған 21 жүк көлігін анықтады. Оның ішінде 20 тонна арпа, 26 тонна тұрмыстық техника, 7,5 тонна автокөлік бөлшектері, 36 тонна трансформаторлар мен олардың құрамдас бөліктері, қоғамдық тамақтану орындарының технологиялық жабдықтары бар» деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары