50323
Ақтөбе тұрғыны әйелінің үстіне қайнаған су құйып азаптаған (ФОТО)
Ақтөбе тұрғыны әйелінің үстіне қайнаған су құйып азаптаған (ФОТО)
Ақтөбеде ер адам әйелінің үстіне қайнаған су құйған, алайда жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген деп хабарлады turkystan.kz Range басылымына сілтеме жасап.
Ауруханаға келген полицияға жәбірленуші әйел арыз жазудан бас тартатынын айтқан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, әйел жүкті кезінде күйеуі басын жарған, бірақ ол кезде де полицияға жүгінбеген.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл отбасында алты бала бар, кішісі небәрі бір жаста, үлкені - 14 жаста.
«Аурухана термиялық күйік шалған әйелдің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Жәбірленушіден өз абайсыздығынан күйік алғандықтан ешқандай шара қолданылмағаны туралы арыз түсті. Бірақ әлеуметтік желіде ақпарат жарияланғаннан кейін қосымша тергеуге дейін тексеру жүргізілді. Оның барысында жәбірленуші полицияға да, ауруханаға да арызданбаған отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталды. Қазір жәбірленушінің күйеуіне шара қолдану туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген Ақтөбе облысының Полиция департаменті таратқан хабарламада.