Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
417
Қос мереке қарсаңында - ел Тәуелсіздігіне 25 жыл, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, «25 жылдыққа – 25 игі іс» шарасы аясында Алтынтөбе ауыл округі Қосағаш елді мекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл аудан көлемінде тәуесіздік жылдары салынған 8-ші автокөлік жүретін көпір. Рас, біраз жылдардан бері орталықпен 1500-ге жуық халық тұратын Қосағаш ауылын қосатын көпірдің болмауынан Қаржан өзенінен өту мұң болатын.    Міне, биыл сол көпір салудың сәті түсті. Облыстық бюджеттен 126,5 млн. теңге қаржы бөлініп, оны «Арсенал-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, белгіленген мерзімде ел игілігіне ұсынып отыр. Көпір бүгінгі талапқа сай. Ұзындығы 90 метр, ені 8 метр. Түрлі көліктердің жайлы өтуіне жағдай жасалған. Көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, көпір салуға атсалысқан ауыл азаматтарына, құрылысшыларға алғысын білдірді. Айта кеткен жөн, ауданның елді мекендер арасына алдағы 2020 жылға дейін тағы 4 көпір салу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бұл автокөлік жүретін көпірлер салынатын болса, онда аудан көлемінде көпірлер саны 28-ге жететін болады.   

Серіктес жаңалықтары