Бердімұхамедов портреттерін іле бастады

Бердімұхамедов портреттерін іле бастады

Бердімұхамедов портреттерін іле бастады
ашық дереккөзі
50259
Түркіменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедовтің суреті барлық мемлекеттік мекемелерге іліне бастады деп хабарлады turkystan.kz. «Азаттық» радиосының Түркімен қызметінің айтуынша, мекеме басшылары елді 15 жыл басқарған бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің суретін ұлына алмастыру жөнінде тапсырма алған.
«Лебап облысы құқық қорғау органдарының кеңселері жаңа президенттің портретін бірінші болып іліп жатыр. Барлық мекемелер суретті өз есебінен сатып алып отыр. Кейбір мектептің басшылары енді «Арқадағтың» суретін қайда қоямыз деп бас қатырып жатыр», - делінген хабарда.
Жақында 40 жастағы Сердар Бердімұхамедов 73 пайыз дауыс жинап, мемлекет басшысы болып сайланған болатын.

Серіктес жаңалықтары