50553
Нығматулин Қазақстан даму банкінен ірі көлемде ақша алған – БАҚ
Нығматулин Қазақстан даму банкінен ірі көлемде ақша алған – БАҚ
Қаңтар оқиғасынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Даму банкі таңдаулы адамдар тобының жеке банкіне айналғанын айтып, оны сынға алған.
Бұл туралы turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Телеграм-арналардың бірі Нұрлан Нығматулиннің бауыры Ерлан Нығматулиннің Қазақстан Даму банкінен бірнеше рет өз мақсаты үшін қомақты ақша алғанын жариялады.
Қаржы мониторинг агенттігі хабарламаға қатысты әлі ешқандай түсініктеме бермеді.
Еске салсақ, экс-депутаттың егізі Ерлан Нығматулин 2021 жылғы мәлімет бойынша, Forbes рейтингінде «Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені» рейтингінде 32-орында тұр. Ол былтыр серіктесімен бірге Қарағандыда Қазақстан Даму банкі қаражатына салынған ферроқорытпа зауытын ашқан.