377
Қашағанда 479 мың тонна мұнай өндірілді
Қашағанда 479 мың тонна мұнай өндірілді
Қыркүйекте қайта іске қосылған Атырау облысындағы Қашаған кен орнынан 25 қарашада өндірілген тауар шикізатының көлемі 479 мың тоннаға жеткен.
«Кен орнынан тек қана тауарлық мұнай емес, сондай-ақ газ өндіріліп жатыр. Қазіргі таңда өндірілген тауарлық газдың көлемі 97 млн текше метрді құрады. Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында нысандарды пайдалануға беру жұмыстары жүзеге асып жатыр», – деп мәлімдеді «Норт Каспиан Оперейтинг Б.В.» компаниясының баспасөз қызметі.
ҚР Энергетика министрлігі бұрын айтып өткендей, 2017 жылы Қашаған кен орнынан 4-тен 8 млн тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарлануда. Мұнай өндіру «шыңына» жеткесін, алдыда оны тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін шығару міндеті тұр.